Британияда омикронның жаңа түрі анықталды

Британияда омикронның жаңа түрі анықталды

Ұлыбританияда омикронның жаңа түрі анықталды. Ол ЭксИ ((XE)) деп аталады.

Денсаулық сақтау агенттігінің мәліметі бойынша аталған инфекцияны 600-ден астам адам жұқтырған.

Соңғы дерекке сәйкес, Экси омикронның алдыңғы түрі стелске қарағанда 10 процентке тез таралып жатқан көрінеді. Десе де, бұған дейін мутацияға ұшыраған нұсқалармен салыстырғанда қаншалықты қауіпті екенін айту әзірге ерте дейді ғалымдар.