Франция президенттігінен 12 кандидат үмітті

Франция президенттігінен 12 кандидат үмітті

Бүгін Францияда президенттік сайлаудың бірінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел тізгінін қолына алуға 12 кандидат үмітті. Арасында қазіргі президент те бар. Макронның негізгі қарсыласы әсіре-оңшыл «Ұлттық бірлестік» партиясының басшысы Марин Ле Пен саналады. Дауыс беруге 50 миллионға жуық француз қатысуы керек.  Осы уақытқа дейін олардың 25 жарым проценті өз таңдауын жасаған. Францияда экзит пулл жоқ. Ел заңына сәйкес сайлау күні саяси дода қорытындысына қатысты қандай да бір ақпарат жариялауға тыйым салынады. Бұл сайлаушылардың таңдауына әсер етпеу үшін жасалған. Сондықтан соңғы нәтижені Конституциялық кеңес 13 сәуірде жария етеді. Ал екінші кезең 24 сәуірге белгіленген. Демек жаңа президенттің есімі тек ай соңында белгілі болады деген сөз.