Австралияда парламент сайлауы 21 мамырға белгіленді

Австралияда парламент сайлауы 21 мамырға белгіленді. Оған қазіргі премьер-министр Скотт Моррисон да қатысатынын жариялады.

Дәл бүгін сайлауалды науқан басталып, басты үміткер ел аралауды бастап кетті. Моррисонның басты қарсыласы, оппозициялық Лейбористер партиясының серкесі Энтони Албаниз де қызу жұмысқа кірісті. Ол 2013 жылдары премьер-министрдің орынбасары болған.

Скотт Моррисон, Австралия премьер-министрі:

- Сайлау әркез таңдауға байланысты. Әрі бұл күшті экономика менеджменті мен мықты қаржылық басқару арасындағы таңдау. Осындай артықшылықтардың арқасында Австралия пандемиядан аман өтті, жұмыссыздық деңгейі төмендеп, керісінше жұмыс орыны көбейді. Індеттен толық құтылған бетте экономикамызға рекордты көлемде инвестиция құйдыра аламыз. Улы көміртегі шығындарын азайтуға күш салуымыз керек. Қазірдің өзінде ауаға бөлінетін лас қалдық 20 процентке төмендеді. Бұл жағынан біз Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ-тан көш ілгеріміз.

Сондай-ақ...