Түркияда босқындарды депортациялау қарқынды жүріп жатыр

Түркияда босқындарды депортациялау қарқынды жүріп жатыр

Түркияда 2016 жылдан бері қауіпсіздік мақсатында 19 мың 336 сириялық босқын депортацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрі Сулейман Сойлу мәлімдеді. Айтуынша, босқындардың елдеріне оралуы үшін қарқынды жұмыс жүргізілуде. Жалпы елде, бұл мәселе бойынша пікір таластар жиі кездеседі. Айта кеткен жөн, Түркияда 5 миллионға жуық босқын бар. Оның 3,6 миллионы сириялық. Олардың 192 мыңы Түркия азаматтығын алған.

Сулейман Сойлу, Түркияның ішкі істер министрі:

– Бүгінге дейін 317 мың 98 адамды елден шығардық. 2016 жылдан бері 19 336 сириялық босқынды қауіпсіздік мәселесіне байланысты депортацияланды. Еуропада 2020 жылы депортациялау көрсеткіші 18% болса, біздің елде 40%. Биыл болса 41,2%-ға жетті. Сандық көрсеткішпен 20 мың 636.