Ауғанстандағы мешіттегі жарылыстан 10 адам көз жұмды

Ауғанстандағы мешіттегі жарылыстан 10 адам көз жұмды

      Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласындағы мешітте бірнеше жойқын жарылыс болып, 10 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қантөгіс намаз оқылып жатқан кезде болған. Полиция мен аурухана басшыларының мәлімдеуінше, жарақат алғандар саны 40-тан асады. Шабуылды әзірге ешбір лаңкестік топ мойнына алған жоқ.

Бірақ сарапшылар мұны «ДАИШ» ұйымының Хорасан провинциясындағы бөлімшесі ұйымдастыруы мүмкін екенін айтады.