Әлемге құм тапшылығы төніп келеді

Әлемге құм тапшылығы төніп келеді

БҰҰ-ның өкілдері әлемде құм тапшылығы жақындап келе жатқанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай жағдай жер бетінде халық санының артуы мен урбанизация процесінің қарқын алуымен байланысты. Мамандар құм дағдарысын болдырмау үшін шұғыл шара қабылдау керек дейді. Жалпы құм – судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады. Жыл сайын дүниежүзі бойынша оның шамамен 50 миллиард тоннасы қолданылады.