Қытайда электронды темекі бейберекет сатылмайды 

Қытайда электронды темекі бейберекет сатылмайды 

Қытайда темекіден өзге дәмі бар электронды шылымға тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде жылдан-жылға вейп нарығы қарқын алып келеді. Сондықтан өнімнің бұл түрін оқу орындарының маңында сатуға және түрлі форумдар мен көрмелерде жарнамалауға болмайды. Яғни вейптер кәдімгі темекімен теңестіріліп отыр. Оны өндіру және сату үшін мемлекеттік лицензия алу қажет. Сарапшылардың пікірінше, бұл талап ұсақ өндірушілерге ауыр соғады. Былтырғы дерек бойынша нарықта бір жарым мыңнан астам компания бар. Онда 6 миллиондай адам еңбек етеді. 

Ао Вэйно, электронды шылым бойынша кәсіби комитеттің бас хатшысы:

– Жаңа талаптар электронды темекі өндірісінің жүйелі дамуына кедергі келтіреді деп ойлаймын. Бұл кейбір компаниялар мен саудагерлерге қолайсыз болады. Дегенмен уақыт өте келе бұл нарық тұрақты даму жолына түсері хақ.