Гаванадағы қонақүйде жарылыстан 22 адам қаза тапты

Куба астанасы Гаванада танымал бес жұлдызды қонақ үйлердің бірінде жойқын жарылыс болды.

Салдарынан 22 адам көз жұмып, 70-тен астамы жарақат алған.

Алдын ала мәлімет бойынша оқыс оқиғаға газдың жылыстауы себеп болуы мүмкін. Негізі жарылыс болған ғимарат 19-ғасырда салынған екен. Онда танымал әлем жұлдыздары аялдайтын. Коронавирус пандемиясына байланысты елдегі мейманханалардың біразы жұмысын уақытша тоқтатқан еді. Жарылыс болған қонақүй екі жылдық үзілістен кейін қайта ашылуға дайындалып жатса керек.

Кейбір мәлімет бойынша оқыс оқиға кезінде онда газ құрылғысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Сондықтан билік оқыс оқиға кезінде ғимарат ішінде меймандар болмағанын хабарлайды.