Сібірдегі өрт 65 мың шаршы шақырымды шарпыған

Сібірдегі өрт 65 мың шаршы шақырым жерге жайылған.

Оның көбі, яғни 44 мың шаршы шақырымы Краснояр өлкесінің аумағы. Онан кейін жалын шарпыған Кемеров және Иркутск облыстары. Осы үш өңірде бір мыңдай нысан, оның ішінде 620 үй жанып кетті. Дені Краснояр өлкесіне тиесілі. Кеше күні-түні мамандар отпен арпалысқанымен күшті желдің әсерінен оны сөндіру қиынға түскен еді. Ақпаратқа қарағанда бүгін жағдай тұрақталып келеді. Осы алапат өрт кезінде 11 адам опат болды. Оттың шығуына электр желісінің үзілуі себеп болды деген ақпарат тарады.