Жануарлар тағдырына алаңдаған бразилиялық суретшінің еңбегі жұртты таңғалдырды

Сан-Пауло қаласында ерекше инсталляциялар пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекшелігі сол, арт-нысандардың бәрі аң-құстардың тағдырына арналған. Авторы – бразилиялық суретші Эдуардо Срур. Оның айтуынша, аталған жоба арқылы ол өскелең ұрпаққа адамдардың жануарларға деген қарым-қатынасын көрсеткісі келген және оны өзгертуге шақырады. Ал халық темір торға қамалған аң-құстың тағдыры бейнеленген инсталляциялар үлкен ой салғанын айтады.