Финляндия мен Ресейдің арасы салқын тартуы мүмкін

Финляндия мен Ресейдің арасы салқын тартуы мүмкін

Бұған Фин елінің НАТО құрамына кіруге әзірлігі себеп. Осы аптада мемлекет басшысы Саули Ниинистё Владимир Путинмен телефон арқылы байланысып, әскери одаққа кіру жөнінде хабарлаған. Бұл жоспар туралы алдын ала естіген Ресейдің сыртқы істер министрлігі қарап қалмайтынын аңғартты.

Мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төнсе, онда әскери-техникалық және өзге де шара қолдануға мәжбүр екенін білдірді. Еске сала кетейік, Ресей мен Финляндия арасындағы шекара 1 300 шақырымға созылады. Көрші елмен қатынасын бұзбау үшін Финляндия осы уақытқа дейін әскери одақтарға кіруден бас тартып келген.  Қос ел басшысының телефонмен әңгімесінен кейін, Ресей Президентінің баспасөз қызметі мынадай хабарлама жариялады.