Армения астанасы Ереванда жүздеген адам шеруге шықты

Армения астанасы Ереванда жүздеген адам ел билігіне наразылық білдіріп, шеруге шықты.

Олар Премьер-министр Никола Пашинянның отставкаға кетуін талап етті. Шерудің соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Құқық қорғаушылар 61 адамды ұстаған. Арменияда Никол Пашинянға қарсы жаппай шерулер өткен айда басталды.