Түркия Финляндия мен Швецияға талап қойды

Анкара Финляндия мен Швецияға террорлық ұйымдарға қолдау көрсетуді тоқтатыңдар деген талап қойды.

Егер қауіпсіздік туралы кепілдік болмаса, олардың НАТО құрамына кіруіне Түркия вето қою құқығын пайдаланады. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу айтты. Дейтұрғанмен, Анкара Солтүстік Атлантикалық альянстың ашық есік саясатын құптайтынын жеткізді. Жақында Хельсинки мен Стокгольм альянс құрамына кіруге өтініш берген. Ал Реджеп Тайип Ердоған Түркия террорлық ұйым деп таныған Күрдістан жұмысшы партиясына Финляндия мен Швеция қолдау көрсетіп отыр дейді.

Мевлют Чавушоглу, Түркияның Сыртқы істер министрі:

- Қауіпсіздік туралы кепіл міндетті түрде болу керек. Бұл мемлекеттер террорлық ұйымдарды қолдауын тоқтатуы тиіс. Сонымен қатар Түркия сияқты одақтас елдерге қойылған экспорттық шектеулерді алып тастасын. Бұл одақтың талабы.