Қытайда су тасқынынан 15 адам қаза тапты

Қытайда су тасқынынан 15 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстігінде су тасыды. Тасқын кезінде 15 адам опат болған.

Сегізі Фуцзянь провинциясында лай көшкінінен опырылып түскен ғимараттың астында қалып, көз жұмса, бесеуі Юньнань провинциясында бақилық болды. Ал Гуйчжоуда тілсіз жау 2 баланың өмірін қиды. Бұдан бөлек аймақта жолдарды су шайып, электр желілері үзілген. Ондаған көлік су астында қалды.