Небраска штатында жол апатынан 2 адам көз жұмды

Небраска штатында жол апатынан 2 адам көз жұмды

АҚШ-тың Небраска штатында жол-көлік апатынан 2 адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға әскери қызметте жүріп қаза тапқан сарбаздарды еске алу күнінде болған. Бір көлік бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, екінші көлікке соғылып, екеуі тағзым ету іс-шарасына жиналғандарды басып кеткен. Тағы бірнеше тұрғын ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер біреуінің жағдайын ауыр деп бағалады.