Еуроодақ маймыл шешегіне қарсы вакцина сатып алады

Еуроодақ маймыл шешегіне қарсы вакцина сатып алады

Еуроодақ маймыл шешегіне қарсы вакцинаның 110 мың дозасын сатып алады.

Осы орайда даниялық фармацевтикалық компаниямен келісім-шарт жасалған. Препарат кәдімгі шешектен қорғауға арналған. Індет осыған дейін негізінен Африка елдерінде тіркелетін. Алайда мамырдан бері вирус Еуропа, АҚШ пен Канада анықтала бастады. Бүгінде әлемнің 39 мемлекетінде бір жарым мыңнан аса дерек расталды.