Бангладеште су деңгейі күнде көтеріледі

Бангладештің солтүстік-шығысы Венецияға айналды. Толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баспанасынан айырылған адамдар тізеден су кешіп, қолдан жасаған қайықпен қатынап жүр. Тасқыннан 32 кісі көз жұмды. Тағы 4 миллионға жуық тұрғын шұғыл көмекке мұқтаж. Біріккен Ұлттар Ұйымы зардап шеккендердің 30 проценттен астамы балалар деп мәлімдеді.

Табиғаттың тосын мінезін түсінуден қалдық. Мұндай алапат тасқынды ешқашан көрген емеспін. Су деңгейі күнде көтеріліп жатыр.