Аргентинада жүк көлігі жүргізушілері қымбатшылыққа наразы

Аргентинада жүк көлігі жүргізушілері жанармайдың қымбаттауына наразылық білдіріп, шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашуға булыққан адамдар біренеше жолды жауып тастады. Себебі жүк тасымалдаушылар шығынға бата бастаған. Шерушілер үкіметтен жанармайға субсидия көлемін арттыруды талап етіп отыр.

Бізде жанар-жағармай жоқ. Жұмыс бар, бірақ бағаның қымбаттауынан жүк тасымалдау тиімсіз болып, зардап шегіп отырмыз.

Жалпы тауарлардың бәрі жүк көліктерімен тасымалданады. Ереуілден дүкен сөрелері ертең-ақ қаңырап бос қалады.