АҚШ-та афроамерикандық жігіттің полиция қолынан қаза табуынан наразылық күшейді

АҚШ-та афроамерикандық жігіттің полиция қолынан қаза табуынан наразылық күшейді

АҚШ-та қара нәсілді Джейланд Уокердің полиция қолынан қаза табуына байланысты наразылық күшейді.

Огайо штатында жұрт шеруге шықты. Қала көшелерін шулатқан азаматтар "Black Lives Matter" деп ұрандатып, афроамерикандықтың ісіне қатысты тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.

25 жастағы Джейланд Уокер есімді  жігіт полициядан қашпақ болған кезде атып өлтірілген еді. Қайғылы оқиға маусым айының соңында болды. Тәртіп сақшылары оны жол ережесін бұзғаны үшін ұстауға әрекет жасаған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Уокердің соңынан қуған кезде полиция 90-нан астам оқ атқан көрінеді. Оның 60-ы Уокерге тиген. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар полицейлердің бәрі қызметінен уақытша шеттетілді.