ЕО алғаш рет Ресейге қарағанда АҚШ-тан көбірек газ импорттады

Еуропалық одақ өз тарихында алғаш рет сұйытылған газ импортын Ресейге қарағанда АҚШ-тан көбірек жасаған.

Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің маусым айындағы есебінде айтылды.

Айта кету керек, өткен айда Ресей кәрі құрлық елдеріне газ жеткізуді 40 процентке азайтқан еді. Оған жөндеу жұмыстары себеп, деген болатын ресми Мәскеу. Салдарынан Финляндия, Польша мен Болгария елдері ресейлік отыннан қағылды. Сөйтіп, «Еуроодақ "Америкадан қосымша 15 миллиард текше метр газ импорттаймыз" деп шешті.