Brussels Airlines компаниясы әуе рейстерін қысқартты

Brussels Airlines компаниясы әуе рейстерін қысқартты

Бельгияның ірі әуе тасымалдаушысы Brussels Airlines жазғы демалыс кезінде 700-ге жуық рейсті тоқтататынын хабарлады. Бастапқыда компания басшылығы шілде мен тамыз айларында 148 рейс жүзеге аспайтынын мәлімдеген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді тағы 527 рейс тоқтады. Бұл шешім компанияның жол серіктері мен қызметкерлері қатарын ұлғайта алмауына байланысты қабылданған. Өйткені жақында үш күндік ереуіл болып, мыңдаған қызметкер басшылықтан жұмыс жүктемесін азайтуды талап еткен еді.

Айта кетейік, Бельгияда коронавирусқа қарсы шектеулер алынып, шекара ашылған соң Brussels Airlines өз рейстерін көбейтті. Бірақ жұмысқа қосымша қызметкерлер алмады. Сарапшылар компания жоспарланған рейстер орындалмаса 10 миллион еуро кірісінен айырылады деп отыр.