Норвегияда мұнайшылар жалақыны көтеруді талап етті

Норвегияда Мұнай және газ өндіретін кәсіпорын қызметкерлері бас көтерді. Жұрт жалақының аздығына наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айлық көтерілмесе, жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Салдарынан кен орнында қара алтын мен газ өндірісінің тәуліктік көрсеткіші мыңдаған баррельге төмендеп кетті. Бұның кесірі көп ұзамай, кәрі құрлық елдеріне тиюі мүмкін. Себебі шілдеде Еуропаға көгілдір отын импорты 13 процентке қысқаруы мүмкін. Кеншілердің талабы жақын арада орындалмаса, Еуроодақ елдерінде энергия бағасы тағы қымбаттайды деген қауіп бар.