Пәкістанда ондаған адам опат болды

Пәкістанда ондаған адам опат болды

Пәкістанда су тасқыны салдарынан ондаған адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің оңтүстігіндегі үй-жайларды су толығымен шайып кеткен. Жүздеген адам баспанасыз қалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, судың тасуы салдарынан сегіз бірдей бөгет жарылған.

Айта кетейік, Пәкістанда соңғы айда нөсер үш есе артығымен жауып, халықты әбігерге түсіп жатыр. Алапат тасқынның салдарынан елде төтенше жағдай жарияланды.