Биылғы жаз Еуропа елдеріне оңайға соқпай тұр

Биылғы жаз Еуропа елдеріне оңайға соқпай тұр

Кәрі Құрлыққа аптап ыстық пен бірқатар елді шарпыған орман өрті еуропалық комиссияны алаңдатып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Франция мен Португалия алапат өртпен күресіп жатыр. Қызыл жалынды сөндіруге ондаған тікұшақ жіберілген. Алайда от шарпыған аумақтың көлемі тым ауқымды. Еуроодақ тілсіз жаумен күресу үшін тағы бірнеше тікұшақ алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.  

Янез Ленарчич, дағдарысты басқару жөніндегі еуропа комиссары:

– Бұл жаз баршамызға үлкен сынақ болайын деп тұр. Былтырғы маусымда әбігерге салған еді. Былтыр азаматтық қорғаныстың өрт сөндіруге арналған 9 құралы болған. Биыл қолымызда тек бесеуі қалды. Ал жаз соңына дейін әлі біраз уақыт бар.