Украинада қауіпсіздік қызметіне сенім азайды

Украина президенті Владимир Зеленский елдің қауіпсіздік қызметінде ауқымды кадрлық өзгерістер болатынын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша күш құрылымының басшысы Иван Баканов қызметінен кеткен соң, ізінше тазалау жұмыстары басталатынын аңғартты. Өйткені Баканов елге сатқындық жасады деген күдікке ілінген. Оған қоса, міндетін дұрыс атқармауы салдарынан өлім-жітімге жол берілді деген айып тағылып отыр.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Қауіпсіздік қызметінде кадрларды тексеру жүріп жатыр. 28 қызметкерді жұмыстан шығарамыз. Түрлі бағытта, түрлі қызметте болғандардың ортақ проблемасы бар. Ол жұмыс нәтижесінің мардымсыз болуы.