Еуропаға газ жіберетін Ресей құбыры қайта іске қосылды

Еуропаға газ жіберетін Ресей құбыры қайта іске қосылды

10 күнге созылған техникалық үзілістен кейін Еуропаға газ жіберетін Ресей құбыры қайта іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балтық теңізінің түбімен өтетін Солтүстік ағын-1 құбыры шілденің 11-і күні жабылған еді. Украина мен Ресей арасындағы қақтығысқа байланысты құбырдың жұмысы біржола тоқтауы мүмкін екенін ойлап, Германия билігі алаңдап қалған-ды. Өйткені неміс халқы тұтынатын көгілдір отын негізінен Ресейден алынады. Бүгін таңертең құбыр операторы Норм Стрим,, Ресей тарабының газды жоспар бойынша жібергенін жариялады.