Жапонияда инфляция деңгейі ең жоғары көрсеткішке жетті

Жапонияда инфляция деңгейі ең жоғары көрсеткішке жетті

Жапонияда инфляция деңгейі кейінгі 7 жылда болмаған ең жоғары көрсеткішке жетті. Оған әлемде энергия тасымалдаушылардың қымбаттауы және ұлттық валюта иенаның әлсіреуі – себеп.

Соның салдарынан азық-түлік бағасы 3 процентке өскен. Ал керосин мен газ 25 процентке қымбаттады. Мұндай жағдай 2009 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Қазір әлемнің өзге елдерінде де инфляция рекордтық деңгейге жеткен. Солардың қатарында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Канада бар.