Пәкістанда тасқын судан 304 адам көз жұмды

Пәкістанда тасқын судан 304 адам көз жұмды

Пәкістанның Карачи қаласында өткен күні жаңбыр құйып, шаһардың көп бөлігін су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Толассыз жауған нөсерден көлік қозғалысы қиындаған. Пәкістанда осы айда су тасқынынан 304 адам көз жұмған. Табиғат апатынан 9 мыңнан аса үй мен ғимарат қирап, бүлінген. Кей жерлерде тасыған өзен көпірлер мен жолдарды шайып кеткен.

Қаланың орталығына бір зат сатып алуға барайын деп шыққан едім, көшенің бәрін су басқанын көріп жарты жолдан кері қайттым. Жаңбыр да селдетіп, автобусты әзер кездестірдім. Үйге дейін әлі көп жер бар. Қалай жететінімді білмеймін.