Еуропада газ бағасы шарықтады

Еуропада газ бағасы шарықтады

Еуропада газ бағасы тағы шарықтап, 1 текше метр көгілдір отын құны 2200 долларға жетті.

Cоңғы рет мұндай баға биыл наурыз айының бас кезінде тіркелген болатын. Ақпарға қарағанда газ құны бір күнде 21 пайызға көтерілген. Мамандар оған "Солтүстік ағын" құбырымен көгілдір отынды тасымалдау азайтылатыны жайлы ақпарат әсер еткенін айтады. Себебі "Газпром" жөндеу үшін тағы бір компрессорлық станциядағы газтурбиналық қозғалтқыш жұмысын тоқтататынын хабарлаған. Салдарынан бүгіннен бастап, "Солтүстік ағынмен" көгілдір отын тасымалы күніне 67 миллион текше метрден 33 миллион текше метрге дейін түспек.