Әлемде инфляция жылдам өсіп жатыр – ХВҚ

Әлемде инфляция болжанғаннан да тез өсіп жатыр. Халықаралық валюта қоры дүниежүзі экономикасының келешегіне қатысты кезекті баяндамасында осылай деп жариялады.

Сарапшылардың пікірінше, бұған азық-түлік пен энергия ресурстарының қымбаттауы және сұраныс пен ұсыныс тепе-теңсіздігі ықпал еткен. Осы себепті биылғы әлем елдеріндегі инфляция болжамы қайта қарастырылды. Дамыған елдерде оның деңгейі 6,6, ал дамушы елдерде 9,5 пайызға жетуі мүмкін. Бұл алдыңғы болжамға қарағанда шамамен 1 проценттей жоғары. Украинадағы ахуал мен Қытайдағы індетке қарсы шектеулер және әлем елдеріндегі ақша-несие саясатының қатаңдатуынан алдағы айларда дүние жүзі экономикасы тоқырай бастауы мүмкін деген де болжам бар.