ЕО газ тұтынуды азайтады

ЕО газ тұтынуды азайтады

Еуроодаққа мүше 27 ел газ тұтынуды азайту жөнінде бірлескен шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашында Венгрия бұл бастамаға қарсы болғанына қарамастан, ақыры бірлескен жоспар мақұлданды. Оған сәйкес одаққа мүше елдер газ тұтыну көлемін 15 процентке қысқартады. Бұл шектеу бірнеше күннен кейін күшіне еніп, алдағы қыстың аяғына дейін жалғасады. «Газпром» Солтүстік ағын» құбыры бойынша газ жеткізуді екі есе азайтатынын жариялағаннан кейін Еуроодақ шұғыл мәжіліс өткізді.

Юзеф Сикела, Чехия сауда және өнеркәсіп министрі:

– Бүгінгі шешіміміздің арқасында алдағы қыста газ тапшылығы немесе бағалардың шарықтауы секілді қиындықтардан аман қаламыз.

Кадри Симсон, энергетика жөнінде ЕО комиссары:

– Газды дәл қазір үнемдей бастаймыз және ахуал нашарлаған жағдайға бірлескен іс-қимыл жоспарымыз бар. Алдын-ала сұранысты азайта бастаудың арқасында азаматтарымыз бен бизнеске тигізетін кері әсерін мүмкіндігінше азайта аламыз.