Түркияда коронавирус өршіп тұр

Түркияда коронавирус өршіп тұр

Елде соңғы аптада ковид-19-ға шалдыққандар саны 60% артты. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шілденің 18-24 аралығында 365 мың кісіден жұқпалы вирус анықталып, 157 науқас көз жұмған. Дегенмен елдің бас дәрігері алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Тек уақытымен вакцина алуға шақырды. Ал елдің медицина қызметкерлері қауымдастығының өкілдері мұнымен келіспейді. Үкіметтік емес ұйым маска режиімін қайта енгізіп, балаларға түгел екпе егу қажет деп санайды.

Айта кеткен жөн, Түркияда пандемия басталғалы 15 миллионнан астам адамнан ковид-19 анықталған.