Францияда елге кіру үшін қолданылған шектеулер алып тасталды

Францияда елге кіру үшін қолданылған шектеулер алып тасталды

Францияда коронавирусқа байланысты елге кіру үшін қолданылған шектеулердің барлығы алынып тасталды.

Енді бұл елге саяхаттаушыларға вакцина салдырғаны жайлы сертификат көрсетудің немесе ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ. Бірақ билік қоғамдық көлікте бетперде тағып жүру сынды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып отыр. Ал ресми дерекке сүйенсек, елде ковид-19-ды жұқтырғандар қарасы едәуір азайған. Соңғы аптада 30 мыңға жуық адамнан анықталған. Бұл алдыңғы көрсеткішке қарағанда 3 есе аз.