Францияда инфляциядан қорғау заңы қабылданды

Францияда инфляциядан қорғау заңы қабылданды

Францияда халықтың осал топтарын инфляциядан қорғау үшін шұғыл түрде 20 млрд еуро бөлінді. Тиісті заң рекордты мерзімде қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені елдегі инфляция деңгейі 6%-тен асып кеткен. Бұл соңғы 30 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Жаңа заңға сәйкес жылдың басында болған индексацияға қоса әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы мөлшері 4 процентке артады. Алғаш рет қызметкерлердің сыйақысы мен еңбекақыларынан белгілі бір мөлшерде салық алынбайтын болды. Пәтерақысын да аса өсірмеуге шаралар қабылданды.

Аньес Панье-Рунаше, Францияның таза энергияға ауысу министрі:

Ауыр энергетикалық дағдарысты бастан кешіп отырмыз. Қазіргі инфляцияның 60% энергия бағасының өсуіне байланысты.