Еуропада өртенген орман алқаптарының аумағы рекордты деңгейге жақындады

Еуропада өртенген орман алқаптарының аумағы рекордты деңгейге жақындады

Биыл Еуропада отқа оранған орман алқаптарының аумағы рекордты деңгейге жақындады. 

Дәлірек айтар болсақ, қызыл жалын шамамен 600 мың гектар жерді жалмаған. Жуырда Еуропалық Одақтың бірлескен зерттеу орталығы осындай мәлімет келтірді.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұл Люксембург елінің жалпы ауданымен бірдей аумақ. Тілсіз жаудың осылай күшіне мінуін мамандар климаттың өзгеруімен байланыстырады. Жер шары қызып, ауа температурасының шамадан тыс көтеріліп кетуі құрғақшылыққа әкелуде. Бұл өз кезегінде өрттің тез таралуына себеп дейді мамандар.