Испанияда аптап ыстық

Испанияда аптап ыстық

Аптап ыстық Испания тұрғындарын да діңкелетті. Көптеген өңірде термометр бағаны 39 градустан асқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіп күшейген соң билік елде электр қуатын қатаң үнемдеу шараларын енгізді. Осыған байланысты дүкендерде кешкі 10-нан кейін жарық болмайды, ал ауабаптағышты 27 градусқа дейін салқындатуға рұқсат етіледі.

Хосе, кәсіпкер:

Өте ыстық. Ауабаптағыштың қызметі ауадай қажет. Себебі тұтынушылар сая таппай қалады. Желдеткіштерден түк пайда жоқ.