Болгарияда 17 бала жол апатына ұшырады 

Болгарияның Стара Загора қаласының жанында балалар мінген автобус апатқа ұшырады. Салдарынан 17 жеткіншек жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлікте жалпы 48 жолаушы болған. Олардың барлығы Сербиядан келген туристер. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, автобус шетке шығып кетіп аударылған. Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз. Тергеу амалдары басталды.