Оңтүстік Корея ҚХДР-ға көмектесуге дайын

Оңтүстік Корея ҚХДР-ға көмектесуге дайын

Сеул Токиомен арадағы алауыздықты жойып, Солтүстік Кореямен бейбіт қарым-қатынас орнатуы тиіс. Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёль елді жапон отаршылдарынан азат ету күнін мерекелеу кезінде осылай мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуынша, аталған қадамдар Солтүстік Азия аймағындағы қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ресми Сеул Пхеньянға экономикасын дамытуға қол ұшын созуға дайын. Бірақ ол үшін Солтүстік Корея ядролық бағдарламасынан бас тартуы керек.

Юн Сок Ёль, Оңтүстік Корея президенті:

– Солтүстік Кореяға ірі көлемде азық-түлік беруге, электр энергиясын өндіруге және халықаралық деңгейде сауда-саттық жасау үшін айлақтар мен әуежайларды жаңартуға көмектесе аламыз. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы саласын да нығайтуға әзірміз. Ауруханалар мен инфрақұрылымды да бірге дамытуға болады.