476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Испанияда орман өрті күллі Еуропаны шарпыды

  • 154
  • UPD: 09:12, 16.08.2022
Испанияда орман өрті күллі Еуропаны шарпыды

Испанияның Валенсия аймағында сұрапыл орман өрті жұрттың берекесін қашырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау елді мекендерге таяп, тұрғындарға қауіп төндіре бастаған. М ыңдаған адам шұғыл түрде эвакуацияланды. Жалын осы уақытқа дейін 7 мың гектардан астам жерді жалмаған. Алапат өрттен Испания ғана зардап шекпеді. Биыл тілсіз жау күллі еуропаны шарпыды. Еуропа Пресс агенттігі келтірген дерекке сүйенсек, биыл Румынияда 250 мың гектар, Португалияда 75 мың, Францияда 60 мың гектардан астам орман алқабы күлге айналған. Ал жалпы еуропалық одақ аумағында 658 мың гектар жасыл желек жанып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы