Америкалық Spacex 53 жаңа жерсерігін ұшырды

Америкалық Spacex 53 жаңа жерсерігін ұшырды

Америкалық SpaceX компаниясы Флорида штатындағы ғарыш айлағынан тағы 53 жерсерігін ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Falcon 9 зымыран тасығышының бірінші бөлігі Жерге аман-есен оралды. Ол Атлант мұхитындағы қалқыламы алаңға қонды. Бұған дейін SpaceX орбитадағы Starlink станциясына 3 мыңнан астам жерсерігін жіберген болатын. Сондай-ақ алдағы уақытта 11 мыңдай құрал ұшыру жоспарланған.