Еуропада энергия бағасы қымбаттап барады

Еуропада энергия бағасы қымбаттап барады

Ресей кәрі құрлыққа газ жеткізуді тоқтатқалы көгілдір отынның құны мұнда рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір газдың 1 мың куб метрі 2700 доллардан саудалануда. Бұған дейін «Газпром» компаниясы «Солтүстік ағын» құбыр желісі жұмысын қыркүйек айында 3 күнге жабатынын хабарлаған еді. Себебі жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек екен.