Еуропада маймыл шешегін жұқтыру азайды

Еуропада маймыл шешегін жұқтыру азайды

Әлемде маймыл шешегі ауруын жұқтыру 21 пайызға төмендеді.

Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген ақпар. Бірақ мемлекет бойынша жіктеп қарайтын болсақ, жағдай әр жерде әр түрлі болып тұр. Мәселен, кәрі құрлық елдерінде дертке шалдығу деректері азайып жатқанымен, Америкадағы ахуал керісінше, күрделеніп барады. Ұйым басшысы Тедрос Гебреисустың айтуынша, маймыл шешегін жұқтырғандардың шамамен 60 пайызы дәл осы Америкада екен. 40 процентке жуығы Еуропада тіркеліпті. Көбі ер азаматтар.