Боливияда жаяу жүргіншілер күні мерекеге айналған

Боливияда жаяу жүргіншілер күні мерекеге айналған

Боливияда дәстүрлі жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер күні аталып өтіп, барлық қаладағы көлік жүрісі тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел астанасы Ла-Пас көшелері жаяу және велосипедпен жүрген адамдарға толды. Концерттер қойылып, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Боливияда жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер күні 2011 жылдан бері аталып өтіледі. Шара азаматтардың қоршаған орта туралы таным-түсінігін арттыру үшін қабылданған.

Эстефани Васкес, тұрғын:

Боливияда қалалар қатты ластанған. Коронавирус індеті аяқталып қалды. Біз таза ауамен тыныс алуымыз қажет. Сондықтан бұл бастаманы жылына бір емес екі рет өткізу керек деп ойлаймын.