НАТО Украинаның кез келген аумағының Ресейге қосылуын мойындамайды

Бұл туралы Солтүстік альянс Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас хатшы Ресейдің соңғы әрекеттері Украинада қарулы қақтығыс басталғалы, жағдайды қатты ушықтырған, ең қиын қадам екенін айтты. Сонымен қатар Ресей ядролық қаруды қолданған жағдайда салдары ауыр болатынын ескертті. Ал Киевтің Украинаны НАТО-ға жылдам қабылдау туралы өтінішіне қатысты мәселені барлық елдер бірлесіп шешуі қажет екенін айтты.

Йенс Столтенберг, НАТО Бас хатшысы:

- Соңғы апталарда Украинадағы ахуал қатты шиеленісіп кетті. Ресейде мобилизация жариялау кезінде ядролық қаруды қолдану туралы мәлімдемелер жасалып, соңынан Украинаның аумақтары заңсыз аннексияланды. НАТО елдері бұл аймақтарды Ресейдің бір бөлігі деп танымайды. Біз барлық мемлекеттерді оларды мойындамауға шақырамыз. Бұл жерлер Украинаныкі.