БҰҰ Ресей шабуылын айыптады

БҰҰ бас хатшысы кек қайтару ретінде Ресей әскерінің Украина қалаларын зымырандармен атқылауын айыптады. Бұл туралы ұйым басшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

Бас хатшы шабуылдан бейбіт тұрғындар ажал құшқанын және бұл ахуалды одан әрі ушықтыра түсетінін айтты. Кеше Ресей күштері Киев пен тағы бірнеше қаланы зымырандармен атқылады. Шабуылдан 12 адам қаза тауып, 80-нен аса тұрғын жарақат алған. Ал Владимир Путин бұл Қырым көпірінде жарылыс ұйымдастырғаны үшін Украинаға қарымта жауап екенін меңзеді. 

Стефан Дюжаррик, БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі: 

- Ресей  күштерінің Украина қалаларына зымырандармен ауқымды шабуыл жасағаны өте өкінішті жағдай. Бұл соққылар бейбіт тұрғындар тұрып жатқан аудандарға көп шығын әкеліп, ондаған адамның өмірін қиды. Мұндай шиеленіске жол берілмеу керек.