Испанияда науқасқа қайтыс болған адамның ішегін салу операциясы өтті

Испанияда алғаш рет науқасқа өлген адамның ағзасын салу операциясы сәтті өтті. Дәрігерлер бір жасар қыз баланың ішегін ауыстырды.

Себебі ол туғаннан қысқа болып, денсаулығы нашарлаған. Содан мамандар оны ауыстыру туралы ұйғарымағ келген. Осымен бірге бүлдіршіннің бүйрегі, асқазаны, көкбауыры және ұйқы безі де ауыстырылады. Қазір кішкене қыздың халі жақсы. Испания әлемде ағзаны ауыстыру операциялары бойынша АҚШ-тан кейін екінші орынды иеленеді. Былтыр елде 1 миллион адамға шаққанда 102 ота жасалған.

Ана, Эмманың анасы:

- Эмма өте батыл қыз. Ол өзінің өмірге деген құштарлығын күн сайын көрсетіп келеді. Біз донордың жанұясына, дәрігерлерге және қиын-қыстау кезде қолдау көрсеткен жандардың бәріне алғысымызды білдірміз. Мен бұған әлі күнге дейін сене алар емеспін. Бәріңізге рахмет.