Нигерияда су тасқынынан 500 адам қаза тапты

Нигерияда су тасқынынан 500 адам қаза тапты

Нигерияда алапат су тасқыны жүрді. Салдарынан 500 адам бақилық болды.

90 мыңнан астам үй су астында қалды. Гуманитарлық және табиғи апаттардың алдын алу министрлігі келтірген мәліметке сәйкес, тасқын 36 штаттың 27-сінде тіркелген. Одан 1,5 миллионға жуық азамат зардап шегіпті. Қазір аймақта құтқару жұмыстары жүріп жатыр.