Иран түрмесіндегі өрттен қайтыс болғандар бар

Иранда түрмеден шыққан өрт кезінде 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 60-тан астамы жараланған. Оқыс оқиға ел астанасы Тегерандағы Эвин түрмесінде болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, киім тұратын қоймада сотталушылар мен қызметкерлер арасында жанжал шығып, соңы өртке ұласқан. Бұл түзету мекемесінде саяси тұтқындар, шетелдіктер мен қос азаматтығы бар адамдар жазасын өтеп жатыр. Халықаралық құқық қорғаушылар мұндағы сотталушыларға азап көрсетілетіні туралы талай мәрте айтқан болатын. Былтыр жазда хакерлер осы түзету мекемесінің қызметкерлері жазасын өтеушілерді ұрып-соғып жатқан бейнежазбаларды жария еткен еді