АҚШ-та оқушылардың білімі нашарлап кеткен

АҚШ-та оқушылардың білімі нашарлап кеткен

АҚШ-та ковидің кесірінен мектеп оқушыларының білімі төмендеген. Ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша математикадан балалар үлгерімі ел тарихындағы ең төменгі көрсеткішке түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал оқу сауаттылығы 1992 жылғы деңгейге нашарлады. Сегізінші сыныптағы 10 оқушының төртеуі математиканың негізгі бағдарламасын меңгермеген. Ұлттық тестілеудің орташа қорытындысына Америкадағы штаттардың ешқайсы жете алмаған. Биыл өткен білім берудің дамуын ұлттық бағалау сынағының қорытындысы осындай болып отыр. Бұл тесті «ұлттың үлгерім табелі» деп те атайды. Ол 2019 жылдан бері пандемиядан соң бірінші рет өткізілген. Сауатты қоғам тәрбиелейміз десек, ковидтің кесірімен дер кезінде күресу керек, деп дабыл қақты АҚШ-тың білім беру жөніндегі ұлттық орталығының комиссары. 

Пегги Карр, білім беру статистикасы ұлттық орталығының комиссары:

– Біз бұрын-соңды болмаған құлдырауды көріп отырмыз, әсіресе математика пәні бойынша білім түсіп кетті. Бұл барлығымызды алаңдатарлық жағдай. Пандемияның кесірінен қалай оңаламыз, білім беруде негізге алатын мәселелер қандай деп ойланатын уақыт келді.