Джеффери Пайет: Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды АҚШ толық қолдайды

Қазақстан – тәуелсіздік жылдары ішкі және сыртық саясатта дұрыс таңдаулар жасаған мемлекет.

Сондықтан елімізді Америка Құрама Штаттары ғана емес, әлемнің өзге де мемлекеттері  халықаралық аренада қолдайды. Республика күнімен құттықтаған АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Джеффери Пайет осылай деді.

Бүгін Американың әйлігі Ренвик галереясына келушілер қазақтың киіз үйін тамашалап жүр. Көшпенділер тарихымен танысып, өздерін қызықтырған шаңырақ, уық, кереге туралы сұрайды. Соңында естелік суретке түсіп жатыр. Бұл – Қазақстанды республика күнімен құттықтауға келген мәртебелі меймандар.  

Эрик Уэланд, АҚШ Халықаралық діни бостандық коммиссиясының комиассары:

- Бұл үй Қазақстанның мәдениеті мен тарихының таңғажайып көрінісі деп білемін. Бүгінгі тамаша кеште осында келіп, жаңа мәліметтер біліп жатырмын. Өте қызықты. Бүгін әрбір адам осындай күй кешті деп ойлаймын. 

АҚШ – Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. «Ел егемендігі мен аумақтық тұтастығы сақталуына аса мүдделі», – деді құттықтау сөз сөйлеген Джеффери Пайет. Ол тараптар түрлі салада маңызды серіктес және Америка Қазақстанды ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша жетекші мемлекет ретінде көретінін айтты. Жалпы қазақ елі тәуелсіздік жылдары дұрыс таңдаулар жасады. «Нәтижесінде АҚШ қана емес, әлемдік аренада үлкен қолдауға ие болып отыр», – дейді. 

Джеффри Пайет, АҚШ Мемлекеттік хатшысының энергетикалық ресурстар жөніндегі көмекшісі:

- Қазақстан тарихындағы осы маңызды күнді атап өту үшін АҚШ үкіметі атынан құттықтап жатқанымды мәртебе санаймын. Келешекте екі елдің қарым-қатынасы мықты, жарқын болатынына сенемін. Қазақстан энергетикалық қауіпсіздік, өңірлік энергетика және оны әртараптандыру мәселелері бойынша бізбен мығым байланыс орнатқан ел. Қазір жүргізіліп жатқан саяси реформаларды да Америка толық қолдайды. Жалпы орналасқан жері өте маңызды Қазақстан – АҚШ-тың мықты серігі және болашақта да солай болып қала береді.

Мемлекеттік хатшының энергетикалық ресурстар жөніндегі көмекшісі (орынбасары дәрежесінде) Джеффери Пайет Қазақстанның Әжербайжанмен бірлескен энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріндегі қадамдарын жоғары бағалайды. «Бүгінгі геосаяси ахуал күрт құбылған кезеңде халықаралық нарыққа Орталық Азиядан шығатын энергетикалық бағыттарды әртараптандырудың әлеуеті зор», – дейді.

Джеффри Пайет, АҚШ Мемлекеттік хатшысының энергетикалық ресурстар жөніндегі көмекшісі:

- Қазақстан мен Әзірбайжанның бұл бастапқы келісімді жариялағаны өте маңызды. Бірақ біз мұны екі мемлекеттің қарым-қатынасын кеңейтудің алғашқы қадамы ретінде қарастырамыз.

«Бұл бағыттағы жұмыстарды Каспий Құбыры Концорциумы сияқты инфрақұрылымды пайдалана отырып жалғастырудың мүмкіндігі мол», – дейді америкалық сарапшылар. Себебі мұнай тасымалын әртараптандыру Қазақстан ғана емес, аймақтағы барлық елдер үшін энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға жол ашады. 

Авторы: Нұрбек Бекен